271 қазақстандық «Болашақ» бағдарламасымен шетелге оқуға жіберіледі

2 725

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: istockphoto.comҚазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қариннің төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жиын барысында 271 азаматқа «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау туралы шешім қабылданды. Стипендия иегерлерінің 136-сы – магистратура, 8-і докторантурада оқиды. Сондай-ақ 127 азамат әлемнің ең үздік университеттері мен орталықтарында тағылымдамадан өтеді.

Комиссия мүшелері басымдық беріліп отырған мамандықтарға ерекше назар аударды. Яғни стипендия иегерлерінің 65 пайызы – жаратылыстану-техникалық, ал 35 пайызы әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша білімін жетілдіреді.

Сонымен қатар 170 азамат шетелдің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге стипендия алды.

Ерлан Қарин биыл былтырға қарағанда тағылымдамадан өтуге екі есе, инженерлік-техникалық мамандықтар бағытына алты есе көп өтініш түскенін атап өтті. Бұл Мемлекет басшысының инженерлік-техникалық білім беруді дамытуға және қолдауға бағытталған бастамасының өзекті әрі заман талабына сай екенін көрсетеді.



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.