Назарбаев атындағы университеттің атауы өзгеретін болды

2 245

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: yandex.kz«Ашық НҚА» порталында Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауын өзгертуге арналған қаулы жобасы талқыланып жатыр,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Түзетуге ұшырайтын құжаттың атауы - «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының ерекше мәртебесі туралы ережені бекіту туралы» Үкімет қаулысы.

Қаулыға Ұлттық қордан балаларға арналған қаражатты есептеу, төлеу және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң аясында түзету енгізу қажеттігі туындаған.

- Жобамен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің атауын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті деп өзгерістер енгізу көзделген, - деп жазылған ереженің сипаттамасында.

Жалпы бұл өзгерістің болатыны көпшілікке 2023 жылдың қазан айында мәлім болған еді. Сенаттың жалпы отырысынан кейін депутат Бекбол Орынбасар осындай мәлімет айтқан болатын. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.