Мектеп асханасында бәліш сатқан директор жұмыстан шығарылды

2 554

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ақтөбеде мектеп асханасында бәліш сатқан дирекФото:©Ақтөбе обл әкімдігітор жұмыстан шығарылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Мектеп директоры оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етіп отырған жалға алушылардың атын жамылып, асханада бәліш (пирожки-ред.), шоколадтар сатып отыр. Самсаның ақшасын Оралда оқитын қызының телефон нөміріне аудартады. Қолма-қол түскен ақшаны өзі алады,- деп жазылған шағымда


Дене шынықтыру, көркем еңбек пәндерінің дұрыс ұйымдастырылмайтыны туралы жазылған. Дене шынықтыру пәні мұғалімі түстен кейін футбол үйірмесін өткізуі қажет. Алайда үйірме болмайды. Ал еңбек пәні мұғалімі уақытша алғашқы әскери дайындық пәнін де өткізген. Мұғалімдер бұл туралы ашық айта алмай, әлеуметтік желі арқылы жасырын таратқан. Шағым түскен соң Ақтөбе облыстық білім басқармасы арнайы комиссия құрып, тексеру жүргізген.Фото:© Әлеуметтік желіден


Тексеру кезінде директордың педагогикалық әдеп талаптарын сақтамағаны, мұғалімдер арасындағы жүктемені дұрыс бөлмегені, сонымен бірге мектеп асханасында тыйым салынған өнімді сатқаны белгілі болды. Бұзушылықтар анықталған соң мектеп директоры А.Қарасаева биыл 8-сәуір күні жұмыстан босатылды,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.