Мектеп асханасында бәліш сатқан директор жұмыстан шығарылды
Ақтөбеде мектеп асханасында бәліш сатқан дирек
тор жұмыстан шығарылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Дене шынықтыру, көркем еңбек пәндерінің дұрыс ұйымдастырылмайтыны туралы жазылған. Дене шынықтыру пәні мұғалімі түстен кейін футбол үйірмесін өткізуі қажет. Алайда үйірме болмайды. Ал еңбек пәні мұғалімі уақытша алғашқы әскери дайындық пәнін де өткізген. Мұғалімдер бұл туралы ашық айта алмай, әлеуметтік желі арқылы жасырын таратқан. Шағым түскен соң Ақтөбе облыстық білім басқармасы арнайы комиссия құрып, тексеру жүргізген.![]()
Тексеру кезінде директордың педагогикалық әдеп талаптарын сақтамағаны, мұғалімдер арасындағы жүктемені дұрыс бөлмегені, сонымен бірге мектеп асханасында тыйым салынған өнімді сатқаны белгілі болды. Бұзушылықтар анықталған соң мектеп директоры А.Қарасаева биыл 8-сәуір күні жұмыстан босатылды,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.







