Елімізде 3 миллионнан астам баланы қосымша біліммен қамту жоспарланып отыр

2 553

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy / Әбілқасым ЕсентаевБиыл шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларымен елімізде 3 миллионнан астам оқушы қамтылады деп жоспарланған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Бүгінде оқушылардың 81,1%-ы қосымша біліммен қамтылған. Біз қосымша білім алу кезінде барлық балаға тең мүмкіндік беруге тырысамыз. Биыл қамтуды 86,3% - ға дейін арттыру жоспарланып отыр», - деп атап өтті Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова.


Айта кетейік, балаларды қосымша біліммен неғұрлым көбірек қамту үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау, Қостанай және Павлодар облыстарында 6 Оқушылар сарайын ашу жоспарда бар.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.