Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде жаңа пән оқытылады

2 558

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: https://www.istockphoto.com/Қазақстан мектептерінде жол қозғалысы ережелері жеке пән ретінде қарастырылады. Мұны оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеген,- деп хабарлайды  Оpennews.kz  ақпарат агенттігі.


Министрдің айтуынша, 2026-2027 оқу жылында "Қазақстан балалары" бағдарламасы аясында "Жеке қауіпсіздік" атты жаңа пән енгізіледі


Бұл пән жол қозғалысы ережелерін, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігі мәселелерін қамтиды. Пән оқу бағдарламасына енгізіледі. Сондай-ақ жеке қауіпсіздік және қоғамдық орындардағы қауіпсіздік тақырыптары болады. Балаларды оқытуда шешілуі қажет барлық өзекті мәселе ескерілді, – деді Жұлдыз Сүлейменова.


Оның айтуынша, бағдарламаны Ыбырай Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясы мен "Өркен" орталығы әзірлеген. Бұл пәнді мұғалімдер мен психологтар оқытады және 5-9 сыныптарда енгізіледі.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.