Жаңа мектептің қабырғасы бұзыла бастаған: ата-аналар дабыл қақты

2 506

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото:© Видеодан скринҚостанайда жаңа оқу жылына қарсы пайдалануға берілген мектептің қабырғасы үгітіле бастады. Нысанды бастапқыда он айда салып бітіру жоспарланған болатын, алайда құрылыс үш жылға созылып кеткен, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Мектеп қабырғаларының біріндегі терезе маңында кірпіштердің үгітіліп жатқанын ата-аналар байқап қалған.

"Баламмен мектепке келгенде, ол маған "қабаттарын санап көрейікші" деді. Санай бастағанда терезелердің жоғарғы жағындағы кірпіштердің түсіп, үгітіліп жатқанын көрдік. Терезе үстіндегі кірпіштердің жартылай мүжілгені, кей жерлерінде қабырғадан шығып тұрғаны байқалады. Ғимараттың қаншалықты қауіпсіз екенін және балаларға қатер төнбейтінін тексеріп, баға берсін деп дабыл қақтық", - дейді ата-аналардың бірі.

Әкімдік өкілдері бұл ақаулардың балалар мен мұғалімдер үшін ешқандай қаупі жоқ екенін айтып сендірді. Мердігер компания кепілдік міндеттемелері аясында кемшіліктерді жояды.

"Біз комиссиямен нысанға барып, ақауларды тіркедік. Кірпіш қаланған тұстарды металлосайдингпен қосымша қаптау туралы шешім қабылданды. Қазір құрылыс сатылары құрылып жатыр, жұмысшылар ақауларды жөндеуге кіріседі", - деп түсіндірді Қостанай облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Данияр Қанапин.

Облыстық білім басқармасының басшысы Ардақ Бегатаров мектепті іске қосу кезінде құрылыс басқармасы анықтаған ақаулар оқудан тыс уақытта жөнделетінін мәлімдеді.

"Қазір балалар бір ауысымда оқиды. Олар сағат бір жарымға дейін мектепте болады, ал сағат екіден кейін құрылыс жұмыстары басталады. Өздеріңіз көрген қаптамадағы ақауларды құрылысшылар жөндеп жатыр", - деді ол.

Бірақ мәселе тек ғимараттың сыртқы келбетінде емес болып шықты. Мектеп ішінде де көптеген кемшілік табылған. Жарықтар, сынықтар мен тегіс емес жерлер жай көзбен де анық көрінеді. Сюжетте бұл ақаулардың да оқу процесімен қатар жөнделетіні айтылған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.