"Төрт жылда түзелмеген қате": Оқулықтардағы "Нұр-Сұлтан" атауы қашан түзетіледі

2 511

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: UlysmediaМектеп оқулықтарында әлі күнге дейін кездесетін «Нұр-Сұлтан» атауы бірінші тоқсанның соңына дейін түзетілуі тиіс. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Журналистер министрден елорда атауы өзгергеніне қарамастан, кейбір оқулықтарда бұрынғы атаудың сақталып қалғанын сұрады.

Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, қателіктерді түзету жұмыстары басталған. Оқулық шығарған баспалар өзгерістерді өз қаражаты есебінен енгізуге міндеттелген.

«Негізі, олардың нақты белгіленген жоспары бар. Осындай қателік жіберген әрбір баспа өзінің қаражатымен кезең-кезеңімен өзгертіп жатыр. Бірінші тоқсанның аяғына дейін уақыт бергенбіз», – деді министр.

Әңгіме барысында журналистердің бірі қызының «Астана тағы өзгере ме?» деп сұрағанын жеткізді.

«Жоқ, Астана қаласы Астана болып қалады», – деп жауап берді Жұлдыз Сүлейменова.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.