БҚО-да бес жылдық міндеттемесін орындамаған жас мамандардан 36 млн теңге өндірілді

2 506

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: regnum.ruБҚО-да ауылға жұмыс істеуге барған жас мамандар мемлекеттен көмек алып, бес жылдық міндеттемесін орындамай жұмыстан шығып кеткен. Енді олар алған 36 миллион теңге қайтаруға мәжбүр, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Оқиға БҚО-дағы Жәнібек ауданында болған. Прокуратура бұл жағдайды ауылға барған мамандарға мемлекет бөлген қаржының мақсатты жұмсалуын тексеру кезінде анықтаған. Белгілі болғандай, мемлекеттік қолдау алған кейбір азамат бес жылдық еңбек міндетін толық өтемей, жұмыстан кеткен. 

Бірақ олар мемлекеттен алған ақшасын қайтармаған. Осыдан кейін прокуратура қарызды өндіру үшін сотқа жүгінген. Сот мамандардан мемлекет пайдасына жалпы 36 миллион теңге өндіріп алу туралы шешім шығарды. Қазір бұл қаражатты мәжбүрлі түрде қайтару жұмыстары басталған. Сот шешімдерін орындау үшін құжаттар сот орындаушыларына тапсырылған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.