ҚазҰУ студентінің өліміне қатысты мәлімдеме жасады

2 503

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: farabi.universityӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Алматыда қаза тапқан студент қыздың отбасына жерлеу рәсімін ұйымдастыруға көмектескенін және тергеу жүргізіп жатқан полициямен байланыста екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Университет марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Оқу орнының мәліметінше, басшылық пен қызметкерлер қыздың қамқоршысы және туған-туыстарымен тұрақты байланысып, оларға қолдау көрсеткен.

«Оқиға орын алған сәттен бастап оқу орны Алматы қаласы Полиция департаментімен тығыз байланыста жұмыс істеп, өз құзыреті шегінде қажетті көмек көрсетіп келеді», – делінген хабарламада.

ҚазҰУ басшылығы оқиғаның барлық мән-жайы толық әрі жан-жақты анықталғанын қалайтынын жеткізді. Университет құқық қорғау органдарымен байланысын жалғастырып, тергеу барысын назарда ұстайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқу орны тергеу аяқталғанға дейін түрлі болжамдар мен расталмаған ақпараттарды таратпауға шақырды.

Оқиға туралы не белгілі?

Еске салайық, 6 қараша күні кешке Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттер қалашығында бірінші курс студенті қаза тапқан. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, бойжеткен журналистика факультетінде оқыған және Шымкенттен Алматыға білім алуға келген.

7 қарашада Алматы қаласының полиция департаменті студенттің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды», – деп хабарлады полиция.

Қыздың өліміне не себеп болғаны әзірге ресми түрде анықталған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.