Мектеп оқушылары эвакуация кезінде топ арасында қысылып қалған
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Атыраудағы BINOM «Жайық» мектебінде оқу-жаттығу эвакуациясы кезінде бірнеше оқушы көпшіліктің арасында қысылып қалып, жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетілген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Мектеп әкімшілігінің хабарлауынша, оқиға 17 қарашада жоспарлы эвакуация кезінде болған. Жаттығу барысында мектептен шығатын есік маңына оқушылар шоғырланып, бірнеше бала көпшіліктің арасында қысылып қалған.
— Кейбір балалардың денесінде соғылу белгілері анықталды. Барлығына қажетті медициналық көмек көрсетіліп, ата-аналарына жеке хабар берілді. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы тұрақты, — делінген мектеп әкімшілігінің хабарламасында.
Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр. Мектепте оқушылармен және педагогтермен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Әкімшілік мұндай жағдайдың қайталануына жол бермеу үшін эвакуация жоспары қайта қаралып, оқу-жаттығу жұмысын ұйымдастыру тәртібі күшейтілетінін хабарлады.
Қаз
Рус






