Қазақстандық студенттердің шәкіртақысы өседі

398

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2025 жылға қарай студенттердің шәкіртақысы екі есеге өсетінін айтты- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі

Министр соңғы жылдары гранттар саны екі есеге жуық өскенін мәлімдеді. Оның айтуынша, 2025 жылға қарай гранттар саны кезең-кезеңмен 75 мыңға дейін жетеді.

Сонымен қатар студенттердің шәкіртақысы да көбейеді.

"Президент тапсырмасы аясында студенттердің стипендиясы 2025 жылға қарай екі есеге, ал магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 1,5 есеге артады", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

Еске салсақ, қазір бакалавр студенттері 31 423 теңге стипендия алады. Педагогика мамандықтары бойынша оқитын студенттерге 50 400 теңге төленеді.
Болашақ дәрігерлердің шәкіртақысы да екі есеге – 26 186 теңгеден 50 400 теңгеге дейін ұлғайды.
Магистранттардың стипендиясы – 76 950 теңге, докторанттар – 172 500 теңге алады.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.