Дулат Бабатайұлының 220 жылдығына орай ғылыми конференция ұйымдастырылды

840

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Бүгін Еуразия ұлттық университетінде алғаш рет Абайдың ұстазы болған ақынның 220 жылдығына арналған ғылыми конференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Филология ғылымдарының доценті Серікзат Дүйсенғазының айтуынша, тұлға есімі патша және кеңес дәуірі кезінде ел тарихының беттерінен өшірілді. Қазір мектеп бағдарламасында ақын туындылары дұрыс оқытылмайтын көрінеді. Өйткені жастар бұл кісінің шығармаларынан бейхабар. Дулат Бабатайұлының өмір жолын зерттеп жүрген ғалымдар бірлесіп, насихат жұмыстарына белсенді атсалысуы керек- деді Серікзат Дүйсенғазы. 

Дулат Бабатайұлы ел тұтастығы мен халық бірлігі тақырыптарын жиі қозғап, қазақ қоғамын өлеңге арқау еткен еді.

 Серікзат Дүйсенғазы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті:


 - Дулатты біз қоғамда насихаттай алмай отырмыз. Ол біздің кінәміз. Бүгінгі конференцияның мақсаты да сол. Мектепте қаншалықты оқытатынын білмеймін. Қосымша сабақ болса ғана. Дулат негізі пәнде, оқулықта аса кереметтеп насихаттап оқытып жатқан жоқ.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.