Дулат Бабатайұлының 220 жылдығына орай ғылыми конференция ұйымдастырылды

838
Бүгін Еуразия ұлттық университетінде алғаш рет Абайдың ұстазы болған ақынның 220 жылдығына арналған ғылыми конференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Филология ғылымдарының доценті Серікзат Дүйсенғазының айтуынша, тұлға есімі патша және кеңес дәуірі кезінде ел тарихының беттерінен өшірілді. Қазір мектеп бағдарламасында ақын туындылары дұрыс оқытылмайтын көрінеді. Өйткені жастар бұл кісінің шығармаларынан бейхабар. Дулат Бабатайұлының өмір жолын зерттеп жүрген ғалымдар бірлесіп, насихат жұмыстарына белсенді атсалысуы керек- деді Серікзат Дүйсенғазы

Дулат Бабатайұлы ел тұтастығы мен халық бірлігі тақырыптарын жиі қозғап, қазақ қоғамын өлеңге арқау еткен еді.

 Серікзат Дүйсенғазы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті:


 - Дулатты біз қоғамда насихаттай алмай отырмыз. Ол біздің кінәміз. Бүгінгі конференцияның мақсаты да сол. Мектепте қаншалықты оқытатынын білмеймін. Қосымша сабақ болса ғана. Дулат негізі пәнде, оқулықта аса кереметтеп насихаттап оқытып жатқан жоқ.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.