Елімізде ветеринар мамандарын көбейту ұсынылды

453
ҚР Білім және ғылым министрлігі  ветеринарлық мамандықтарға ауылдық квотаны бүгінгі 30%-дан 70%-ға дейін ұлғайту жөнінде ұсыныс енгізілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

 «2020-2021 оқу жылында 1 283 ветеринария маманы (мемлекеттік тапсырыс бойынша - 728, ақылы негізде - 551, кәсіпорын есебінен - 4) шығарылды, оның ішінде әйелдер - 717 (55,8%). Жыл сайын кадрлар даярлауға (ветеринария) 825 білім беру гранты бөлінеді, 2021 жылы гранттар саны 50-ге немесе 6,3%-ға артты. Мамандығы бойынша жұмысқа орналастырылғандар – 712 немесе 55%, мамандығы бойынша еместер - 312 немесе 25%. Қалғандары – 259-ы немесе 20% түрлі себептер бойынша жұмысқа орналаспаған (декреттік демалыс, шетелге кетіп, магистратураға және докторантураға түсті, «Жұмыспен қамту орталығы» ММ есебінде тұр)», - деді Е. Қарашөкеев.
 
Ауылдық жерлерде ветеринариялық мамандарды орнықтыру және жұмысқа орналастыру мәселесін шешу үшін келесі жұмыстар жүргізілуде: 

1. Білім және ғылым министрлігіне ветеринарлық мамандықтар бойынша ауылдық квотаны бүгінгі 30%-дан 70%-ға дейін ұлғайту жөнінде ұсыныс енгізілді. 

2. Оқу орындарына оқуға қабылдау кезінде ынталандырылған талапкерлерге басымдық беру ұсынылады. 

3. Ұлттық экономика министрлігіне «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ветеринарларға көтерме жәрдемақы мөлшерін 20%-ға арттыру туралы ұсыныс дайындалуда. «Жоғарыда көрсетілген шараларды іске асыру білім беру процесінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді және ветеринария саласы үшін жоғары білікті кадрлар даярлау үшін негіз қалайды. Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымының Жерүсті жануарларының денсаулығы кодексінің ұсынымдарына сәйкес, өзін-өзі реттейтін қоғамдық ұйым - ветеринарлық статуарлық органды құру және оның жұмыс істеуі бойынша жұмыс жүргізу ұсынылады», - деді министр. 

Ол мынадай функцияларды жүзеге асыруға арналған: 

- ветеринариялық мамандардың қызметін оларды есепке алу және тіркеу арқылы реттеу; 

- ветеринарлық мамандарды даярлау үшін ветеринарлық университеттер мен басқа да ветеринарлық оқу орындары ұстануға тиісті стандарттарды әзірлеуге қатысу; 

- ветеринариялық мамандарды оқытуды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру; 

«Жоғарыда аталған барлық мәселелер қазіргі уақытта әзірленіп жатқан «Ветеринария туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасында көрініс табатынын атап өткім келеді. Оны Парламентке биылғы жылдың 3-тоқсанында енгізуді жоспарлап отырмыз», - деді ведомство басшысы.