ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА 7000-НАН АСТАМ ОҚУШЫ БІЛІМ АЛМАҚ

312
Фото: Қызылорда облыс әкімдігіАудан басшысы Асқарбек Темірбекұлы өткен аптада ауылдық округтердегі білім беру мекемелеріне барып, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарымен танысты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Асқарбек Есжанов жаңа оқу жылында балалардың оқуына барлық жағдайдың жасалуын және ешқандай кедергі болмау қажеттігін тапсырды. 


Сондай-ақ, мектеп оқушыларына тиісті берілетін кітаптарды үлестіру жұмыстарын ерте ұйымдастыруды тапсырды.


Ауданда білім беру ұйымдардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілді.
Жаңа оқу жылында 20 мектепте 7128 оқушы білім алмақ.  Оның ішінде 1 сыныпқа барлығы 682 оқушы қабылданды. 

Жаңа оқу жылындағы ерекшеліктер:
-Қазақ тілінде жүргізілетін мектептерде Орыс тілі 2 сыныптан  бастап оқытылады.
-3 сыныптан бастап Шет тілі пәні оқытылады.
-«Көркем еңбек» пәні  (1-9 сыныптар) екі пәнге  бөлінген «Еңбекке баулу» (1-4 сыныптар), «Бейнелеу өнері» (1-6 сыныптар) және «Технология» (5-9 сыныптар).
-Өзін-өзі тану пәні  үлгілік оқу жоспарының инвариантты компонентінен алынып тасталады.
- Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыру жұмыстары жалғасады. 
- 5-11 сыныптар аралығында  «Патриотизм және жаһандық құзыреттіліктер» таңдау курстары жалғасады.
- «Тірек мектебі-магнитті мектептер» пилоттық жобасы енгізіледі.


Білім алушыларды оқулықпен қамтамасыз ету де басты назарда. Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуға барлығы облыстық бюджеттен 23241 дана оқулықтарды сатып алуға 59 млн 56 мың қаржы бөлінді. 
Аталған қаржыға 3-11 сыныптарға ағылшын пәні оқулығы, 3-4 сыныптарға жаратылыстану пәні, 5-11 сыныптарға көркем еңбек пәні  оқулықтармен және оқу-әдістемелік  кешендер алуға, «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қажетті  көркем әдебиеттермен және 2-11 сыныптардың оқулық қорларын толықтыруға бағытталған.