Елімізде WorldSkills-2025 өңірлік чемпионаттары табысты өтті

2 287

Фото: gov.kzӨңірлік чемпионатта үздік танылған студенттер биылғы жылдың желтоқсан айында Астана қаласында өтетін республикалық чемпионатқа жолдама алды.

2025 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында Қазақстанның 20 өңірінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қатысуымен WorldSkills-2025 өңірлік чемпионаттары өтті, –  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жұмысшы мамандықтарын насихаттайтын ауқымды шараға барлығы 5 044 студент қатысып, олардың жұмысын 5 759 кәсіби сарапшы бағалады. Чемпионаттар 600-ге жуық колледж базасында ұйымдастырылды. Жалпы алғанда, 900-ден астам құзыреттілік қамтылды. Ең көп құзыреттілік ұсынылған өңірлер қатарында Ақтөбе (77), Ақмола (62), Батыс Қазақстан (60) және Қостанай (59) облыстары бар.

WorldSkills өңірлік чемпионаттары – жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, студенттердің кәсіби біліктілігін шыңдауға бағытталған маңызды алаң. Чемпионаттар аясында колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы байланыс нығайып, үздік қатысушылар дипломдар, медальдар мен арнайы сыйлықтармен марапатталды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.