Қазақстанда ресейлік университеттердің филиалы ашылады

642

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстанда екі ресейлік техникалық жоғары оқу орындарының филиалы ашылады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
                                                                                                                  
«МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында, ал И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің филиалы С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің базасында құрылады», - делінген құжатта.


 Филиалдардың білім беру бағдарламасына қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәндері енгізіледі. Бұйрыққа сәйкес, оқу мерзімі Қазақстандағы филиалдарда 2 немесе 3 жыл, ал Ресейдегі бас университет базасында 1 немесе 2 жылға жоспарланған.


«Білім беру процесі бас жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамын тарта отырып ұйымдастырылады. Олардың әрбір филиалдағы үлесі кемінде 50% болмақ. Филиалдар мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберіндегі қаражат, ғылыми жобаларды қолдау, инвестициялар және тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады», - деп жазылған бұйрықта.


 Филиалдар өз қаражаты немесе өзге де қолдау көздері есебінен студенттерге грант, стипендия мен басқа да төлемдер жасайды.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.