Еліміздегі мектептерде оқу жылы 2 аптаға ұзартылатын болды

532

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: pixabay.comЕліміздің Оқу-ағарту министрлігі орта мектептерде оқу жылын 2 аптаға ұзарту туралы шешімін бекітті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

«Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында жаңа оқу жылының ұзақтығы бірінші сынып оқушылары үшін - 35 оқу аптасын, 2-11 сыныптар үшін 36 оқу аптасын құрайтындығы жарияланды», - делінген ведомствоның Telegram-каналында жарияланған ақпаратта.


Сонымен оқу жылы ішіндегі демалыс мынадай болады:

- күзгі демалыс – 7 күн (2022 жылдың 31 қазаны мен 6 қараша аралығы);

- қысқы демалыс – 9 күн (2022 жылдың 31 желтоқсаны мен 2023 жылдың 8 қаңтары аралығы);

- көктемгі демалыс – 9 күн (2023 жылдың 18-26 наурызы аралығы).

1 сыныптарда 7 күн қосымша демалыс қарастырылған (2023 жылдың 6-12 ақпаны аралығы). Ал жазғы демалыс 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін болады.

Оқу-ағарту министрінің бұйрығы тіркелу үшін Әділет министрлігіне жолданды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.