Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарды Қытайға бармауға шақырды

375

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Денсаулық сақтау министрлігі Қытайда коронавирус індетінің өршуіне байланысты қазақстандықтардан "Аспан асты еліне"  барудан бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Денсаулық сақтау министрлігі Қытайда коронавирус індетінің өршуіне байланысты қазақстандықтардан аталған елге барудан бас тартуды ұсынды. Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда Қытайдан келетін азаматтарға қатысты карантиндік талаптар мен шараларды қатаңдату жоспары жоқ.

Айта кетсек, бүгінде Шанхай ауруханалары науқастарға толы.

Күн сайын COVID-19 белгілері бар мыңдаған науқас ауруханаларға түседі. Олардың көпшілігі – 65 жастан асқандар, деп хабаралаған еді Euronews.
Қытайдың мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары 25 миллион тұрғыны бар мегаполис халқының 70%-ы вирус жұқтырған болуы мүмкін екені айтылды. 


Ал Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі бірнеше күн бұрын Қытайдың құзыретті органдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау мамандарымен бейне- конференция өткізгенін айтты. Екі тарап қазіргі COVID-19 жағдайы, медициналық емдеу, вакцинация және басқа да техникалық мәселелер бойынша пікір алмасты. Олар техникалық алмасуды жалғастыруға және жаһандық пандемияны тезірек жеңуде бар күшін салуға келісті.
ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мао Ниннің мәлімдеуінше, елдер қабылдап жатқан коронавируспен күрес шаралары ғылыми негізделген және үйлесімді болуы тиіс. Сондай-ақ, адамдардың өзара араласуы елдер арасындағы ынтымақтастыққа әсер етпеуі керек.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.