Қытайда омикронның тағы бір түрі табылды

252

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында BA.1.1 деп аталатын омикрон штамының жаңа нұсқасы анықталды, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі  9News басылымына сілтеме жасап. 

Сучжоудағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, 28 наурызда COVID-19-дың жеңіл белгілері бар науқаста омикронның жаңа түрі анықталған, сарапшылар нақты ақпарат алу үшін қосымша зерттеулер жүргізіп жатыр. BA.1.1 омикрон штамы Қытайдың басқа өңірлерінде немесе әлемде тіркелмеген.

Shine порталының мәліметінше, COVID-19-дың жаңа нұсқасы туралы қорытынды вирусологтар геном деректерінің қолданыстағы банктерінде жоғары гомологтық генетикалық тізбектерді анықтай алмағаннан кейін пайда болған.
Бұл нұсқаны зерттеп жатқан сарапшылардың бірі алдыңғы нұсқалармен 99 пайыз ұқсастық бар деп санауға болатынын, бірақ генетикалық секвенирлеу арқылы нуклеотидтердегі елеулі айырмашылықтар болуы мүмкін екенін атап өтті.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.