Қазақстанда көкжөтел ауруын жұқтырғандар саны артты

2 580

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Ашық дерек көзіҚостанай облысында бес бала көкжөтел жұқтырған. Олардың ешқайсысы вакцина алмаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Өсім облыста да, республика бойынша да байқалады. Көкжөтел – тыныс жолдарының жұқпалы ауруы. Ол ауа тамшылары арқылы жұғуы мүмкін. Бұл кезде науқас қатты жөтеледі, асқынған кезде миды зақымдап, пневмонияны және кіндік жарығын туғызады.


Өткен жылы Қостанай облысында бірде-бір науқас болмаса, биыл бесеуі тіркелді. Негізінен вакцинацияланбаған балалар ауруды жұқтырып жатыр.


“Әлі анасын еміп жүрген бөбектер үшін бұл ауру өте қауіпті. Ол тынысы тоқтап, апноэға әкелуі мүмкін. Тіпті өлімге әкелген жағдайлар бар”, – деп мәлімдеді Қостанай облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Гүлім Досымова. 



OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.