Қазақстанда көкжөтел ауруын жұқтырғандар саны артты
Қостанай облысында бес бала көкжөтел жұқтырған. Олардың ешқайсысы вакцина алмаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Өсім облыста да, республика бойынша да байқалады. Көкжөтел – тыныс жолдарының жұқпалы ауруы. Ол ауа тамшылары арқылы жұғуы мүмкін. Бұл кезде науқас қатты жөтеледі, асқынған кезде миды зақымдап, пневмонияны және кіндік жарығын туғызады.
Өткен жылы Қостанай облысында бірде-бір науқас болмаса, биыл бесеуі тіркелді. Негізінен вакцинацияланбаған балалар ауруды жұқтырып жатыр.
Қаз
Рус






