Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны өсуде

388

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2023 жылғы 19 қаңтардағы эпидемиялогиялық жағдай туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

COVID - 19 инфекциясын жұқтырған 74 жағдай тіркелді. Бір күн бұрын 101 адам індетке шалдыққан еді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 405 289 жетті.

20 қаңтардағы мәлімет бойынша, 1 949 адам коронавирус инфекциясынан (–1 796+ және 153 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 156 пациент стационарда, 1 793 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:


• 10 адамның жағдайы ауыр,
• 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, пандемия басталғалы бері ПТР сынамасы (КВИ+) расталған коронавирус инфекциясынан 13 843 адам қайтыс болды.


 2023 жылғы 20.01 мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 10 858 865 адам вакцина салдырды, II компонентпен 10 629 710 адам. Ревакцинацияланды — 5 746 905. 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.