Қызылордада өлім-жітім 21% өскен

1 238

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қызылорда облысының медициналық ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізіп, халыққа медициналық көмек көрсетудің негізгі бағыттарын талқылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Кеңес барысында өңірдің денсаулық сақтау саласының бірқатар негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштерінің оң динамикасына қарамастан, кеңес барысында емханалар мен стационарлар менеджменті деңгейінде шешуді, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарды қолдауды талап ететін көптеген проблемалық мәселелер көтерілді.


Ана мен бала денсаулығын сақтау саласында медициналық көмекті ұйымдастыруға, МСАК-тың тиімді жұмысының жеткіліксіздігіне, профилактикалық тексеру жүргізу кезінде аурулардың төмен анықталуына, медициналық объектілерді техникалық жарақтандыруға қатысты.

Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник атап өткендей, Қызылорда обылысында қанайналым жүйесінің ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8% төмендеген.

Бұл ретте жіті миокард инфарктісінен болатын өлім-жітім саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4% өсті.

Жыл қорытындысы бойынша қатерлі ісіктен болатын өлім-жітім көрсеткіші 100 мың халыққа шаққанда 48,3-ті құрап, 12,5%-ға төмендеді.

Ол өңірде жарақаттанудан, уланудан және жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,3% және 21% өскенін атап өтті.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.