Қазақстанда қазан айынан бастап тұмауға қарсы вакцинациялау жүргізілмек

2 120

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстанда 1 қазанынан бастап тұмауға қарсы вакцинациялау жүргізілмек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Нұрқан Сәдуақасов эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу туралы қаулыға қол қойды.


Қаулыда мына бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілетіні айтылған:


  • 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы екпе егу;
  • Медициналық ұйымдарда кіре берісте маскаларды қолдануды және антисептиктердің болуын қамтамасыз ету;
  • Жіті респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмау белгілері бар жүкті әйелдер мен бір жасқа дейінгі балаларды үйге шақыру бойынша қызмет ету;
  • Мектепке дейінгі ұйымдарда күнделікті таңертеңгі тексеріс өткізу, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды анықтау.

Орта білім беру ұйымдарында: бір инкубациялық кезең ішінде бір сыныпта 20-дан 30%-ға дейінгі оқушылар арасында ЖРВИ ауруын тіркеген кезде аудиториялық оқыту жүйесін жою ұсынылады. Сыныпта науқастардың 30%-дан астамы болса, оқушылар онлайн оқытуға көшеді.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.