ЖРВИ маусымы басталды: Үйдегі дәрі қобдишасында міндетті түрде тұруы керек 6 зат аталды

2 508

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИДенсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитеті жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмау өршитін маусымда не істеу керектігін айтты, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Комитеттің мәлімдеуінше, халыққа аурудың алдын алу шараларын сақтап, медициналық көмекке дер кезінде жүгіну және дәрі-дәрмекті дұрыс қолдану ұсынылады.

Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алу бойынша негізгі кеңестер:

жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау;

бөлмені үнемі желдетіп отыру;

мүмкіндігінше респираторлық инфекция белгілері бар адамдармен байланыстан аулақ болу;

ауру белгілері пайда болған жағдайда айналадағы адамдармен байланысты шектеу;

медицина қызметкерлерінің ұсынымдарын орындау;

тұмауға қарсы вакцинация бойынша ұсыныстарды сақтау.

Үйдегі дәрі қобдишасында не болуы керек:

дене қызуын түсіру және ауырсынуды басу үшін парацетамол 500 мг;

дене қызуын түсіру, ауырсыну мен қабынуды азайту үшін ибупрофен 200–400 мг;

мұрынның шырышты қабатын шаю және ылғалдандыру үшін натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісі, тұзды ерітінді;

мұрын қатты бітелген жағдайда тамыр тарылтатын дәрі;

сұйықтық пен электролиттердің орнын толтыру үшін ауыз арқылы қабылданатын регидратациялық ерітінділер;
дене қызуын бақылауға арналған термометр.

Бұл ретте рецептімен берілетін вирусқа қарсы препараттарды өз бетінше қабылдау ұсынылмайды. Ал антибиотиктер тұмау мен ЖРВИ жағдайларының басым бөлігін тудыратын вирустарға әсер етпейді.

Антибиотиктерді өз бетінше қабылдау микроорганизмдердің бактерияға қарсы препараттарға төзімділігінің дамуына, жағымсыз реакцияларға және басқа да асқынуларға әкелуі мүмкін.

Мамандар бірнеше дәріні қатар қабылдаған кезде олардың мөлшерлемесін мұқият тексеруге кеңес береді. Себебі кейбір препараттардың құрамында парацетамолдың өзі болуы мүмкін, ал оның мөлшерін шамадан тыс қабылдау ағзаға қауіпті.

ЖРВИ жеңіл түрде өткен жағдайда емдеу демалуды, сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішуді және симптоматикалық терапияны қамтуы мүмкін. Ал дене қызуы ұзақ уақыт бойы жоғары болып тұрса, тыныс алу қиындаса, кеуде тұсы ауырса, жағдай жақсарғаннан кейін қайта нашарласа немесе басқа да айқын әрі әдеттен тыс белгілер пайда болса, дәрігерге қаралу қажет.

Ерте жастағы балаларға, қарт адамдарға, жүкті әйелдерге және созылмалы аурулары бар адамдарға ерекше назар аудару керек.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.