Медицина ұйымдарына инфекциялық қауіпсіздік бойынша тексеру жүргізілуде

1 340

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы Орталық клиникалық ауруханадағы АИТВ (адамның иммун тапшылғы вирусы) жұқтыру оқиғасы бойынша анықталған олқылықтарды жою жоспарын құрды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы анықталған бұзушылықтарды жою жоспарын қалыптастырып, жүзеге асыруда. Тексеру материалдары қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілерінің бар-жоғын анықтау үшін құқық қорғау органдарына берілді. Сондай-ақ, олқылыққа жол берген адамдарға әкімшілік шаралар қабылданды. Бұған қоса, қазіргі уақытта республиканың медициналық ұйымдарында инфекциялық қауіпсіздік талаптарының сақталуына тексеру жүргізіліп жатыр», - делінген тілші сауалына орай жолданған комитет жауабында.


Қоса кетсек, осы айдың басында Бас прокуратура еліміздегі 549 аурухананы АИТВ жұқтыру фактілеріне тексеруді талап еткенін хабарлап едік.


Еске салайық, осы жылдың маусым айында Алматы орталық клиникалық ауруханасында жатқан үш науқастан АИТВ анықталған болатын.


Кейін Денсаулық сақтау министрлігі АИТВ жұқтырған үш науқаспен байланыста болған 593 адам тексеріліп жатқанын мәлімдеді.


Артынша осы оқиғаға байланысты арнайы құрылған комиссия науқастарға кімнің кінәсінен АИТВ жұққанын жариялады. Тиісінше, бірнеше медицина қызметкері қызметінен кетті.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.