Ағзасы донорлыққа берілген марқұмдардың туысына ақы төлене ме?

2 619

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: freepik.comДенсаулық сақтау министрлігі Kazinform сауалына жолдаған жауабында ағзасы донорлыққа берілген марқұмдардың туысына ақы төлеу мәселесіне байланысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


«Ағза донорының туысына өтемақы төлеу мәселесі ведомствоаралық деңгейде талқыланады. Өйткені бұл мәселе қаржылық, құқықтық және басқа да аспектілері қамтиды», - делінген жауапта. 

Бұған дейін ведомство Қазақстанда өлімнен кейінгі ағза донорлығы қалай дамығанын айтқан болатын. 

«2019 жылға дейін жыл сайын өлімнен кейінгі ағза донорынан жасалған ағза алмастыру оталарының саны 86-ға дейін жетіп отырды. Әлемде өлімнен кейінгі ағза донорлығының көрсеткіші бойынша АҚШ; Испания, Хорватия елдері көш басында тұр. ТМД елдерінің ішінде Беларусь тізімнің алдында. Бұл елдерде өлімнен кейінгі ағза донорлығының көрсеткіші орта есеппен 1 млн адамға 31-ден келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаһандық есебі бойынша, Қазақстанда бұл көрсеткіш — 0,021», — деп жазылған министрлік мәліметінде.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.