«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Жаңақорғанға келеді

2 531

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

1 қараша күні Жаңақорған ауданы Екпінді ауылына «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келеді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Аудан тұрғындары білікті медицина мамандарға қаралып, тегін тексеруден өтуге мүмкіндік алады.


Пойызда терапевт, хирург, стоматолог, отоларинголог, офтальмолог, маммолог, педиатр уролог және заңгер мамандары бар.


Әлеуметтік жобаның мақсаты – ел аймақтарының шалғай станциаларында тұратын азаматтарға тегін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуласу) көмек көрсету.


«Саламатты Қазақстан» медициналық пойыз заманауи диагностикалық және медициналық жабдықтармен (УЗИ, флюорография және т.б.), шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, интернетке сымсыз қосылуға арналған байланыс құралдарымен жабдықталған.


Қызмет көрсету уақыты: 1-2 қараша күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін. 13:00-14:00 түскі үзіліс. Aлдағы 3-4 қараша күндері денсаулық пойызы Аққұм ауылына да тұрақтайтын болады.


Аудан тұрғындарын тегін ақпарат алып, ем-шара қабылдауға шақырамыз.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.