Қазақстанда қандай дәрілер өндіретіні белгілі болды

2 610

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: gov.kzДенсаулық сақтау министрлігі «AstraZeneca» фармацевтикалық компаниясымен бірлескен жобалардың егжей-тегжейін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Kazinform сайтына сілтеме жасап.


«2023 жылдың 7 ақпанында «AstraZeneca» халықаралық биофармацевтикалық компаниясымен Қазақстан аумағында дәрі өндірісін ұйымдастыру үшін технологияны табыстау туралы келісімшарт жасалған. Бұл Қазақстанның фармацевтикалық индустриясын дамытуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде халыққа инновациялық дәрі-дәрмектің қолжетімділігін арттырады», - делінген жауапта.


Министрліктің мәліметі бойынша, «AstraZeneca» компаниясы Қазақстан аумағында мынандай дәрі-дәрмектің өндірісін ұйымдастырмақ:


• Forxiga Tablets 10mg – қант диабеті, созылмалы жүрек ауруы, бүйректің созылмалы ауруы;


• Calquence Caps 100mg – созылмалы лимфолейкоз, мантия жасушасының лимфомасы;


• Lynparza 150mg – аналық бездің қатерлі ісігі, сүт безінің қатерлігі ісігі, простата обыры, ұйқы безінің қатерлі ісігі;


• Tagrisso Tablets 80mg – өкпенің қатерлі ісігі.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.