Астанада ұлттық оңалту орталығы өртеніп, 300 науқас бала шұғыл көшірілді

2 550

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: 2gisАстанада ұлттық балаларды оңалту орталығының ғимаратынан өрт шықты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қалалық ТЖД мәліметіне сенсек, 3 сәуір сағат 19:58-де Тұран даңғылы, 36 мекенжайында орналасқан ұлттық балаларды оңалту орталығының трансформаторлық қосалқы стансасының жертөлесінде электр кабелі жанған.


Одан шыққан оттың бетін қайтаруға ұнтақты өрт сөндіргіш қолданылды.


Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің арқасында сағат 21:13-те жалын оқшауланып, 21:20-да сөндірілді. 


Ем алып жатқан 300 бала өз бетінше ғимараттан шығып үлгерген. Ешкім зардап шеккен жоқ. 


Өрттің алдын ала себебі — электр сымының қысқа тұйықталуы.


Медицина мекемесі Денсаулық сақтау министрлігіне қарайды. 


«Астана әкімдігі пациенттерді орналастыруға көмектесті. Жанында анасы бар балалар қаланың қонақ үйлеріне және ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына көшірілген. Астанада тұратын науқастар үйіне жіберілді. Қажет болған жағдайда қала стационарларына ауыстырылады. Бүкіл пациенттер медициналық қолдаумен қамтамасыз етіледі», - дейді әкімдіктен.


Ұлттық балаларды оңалту орталығы шамамен 4-5 сәуірде жұмысын қайта бастайды.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.