Қызылордалық фельдшер жүрегі тоқтап қалған науқасты аман алып қалды

2 645

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Қызылорда облыстық жедел-жәрдем станциясыҚызылорда облыстық жедел жәрдем стансасының фельдшері жүрегі тоқтап қалған науқастың өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Медицина мекемесенің мәліметінше, 4 сәуір күні жергілікті тұрғын жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Айтуынша, анасы алғаш рет жүрегіне шағымданған. Шақырту бойынша мекенжайға дереу жеткен медицина қызметкерлері зейнет жасындағы науқастың шағымдарын тыңдап, алғашқы көмек көрсеткен.


Науқасты ауруханаға жеткізу барысында автокөліктің ішінде науқастың жүрегі тоқтап, жағдайы күрт нашарлаған. Фельдшер жүрегіне қайта жандандыру әдісін жүргізіп, жағдайы қалыпқа келген. Ол шұғыл түрде облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.


Қазіргі таңда науқастың жағдайы бір қалыпты, кардиология бөлімінде ем қабылдауда. Зейнеткердің отбасы ақ халаттыларға алғысын білдірді. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.