Қызылордалық фельдшер жүрегі тоқтап қалған науқасты аман алып қалды
Қызылорда облыстық жедел жәрдем стансасының фельдшері жүрегі тоқтап қалған науқастың өмірін сақтап қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Медицина мекемесенің мәліметінше, 4 сәуір күні жергілікті тұрғын жедел жәрдем қызметіне хабарласқан. Айтуынша, анасы алғаш рет жүрегіне шағымданған. Шақырту бойынша мекенжайға дереу жеткен медицина қызметкерлері зейнет жасындағы науқастың шағымдарын тыңдап, алғашқы көмек көрсеткен.
Науқасты ауруханаға жеткізу барысында автокөліктің ішінде науқастың жүрегі тоқтап, жағдайы күрт нашарлаған. Фельдшер жүрегіне қайта жандандыру әдісін жүргізіп, жағдайы қалыпқа келген. Ол шұғыл түрде облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы бір қалыпты, кардиология бөлімінде ем қабылдауда. Зейнеткердің отбасы ақ халаттыларға алғысын білдірді.