Дәрігерлер 72 жастағы науқастан салмағы 5 келі кистаны алып тастады
Алматыда 72 жастағы науқастан салмағы шамамен 5 келі, ішіндегі сұйықтық көлемі 10 литрге жуық киста алынып тасталған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына (АККА) іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну мен тығыздалуға шағымданған 72 жастағы науқас түскен. Белгілі болғандай, науқас бұған дейін медициналық тексеруден өтпеген.
Компьютерлік томография (КТ) нәтижесінде оның құрсақ қуысының басым бөлігін алып жатқан алып көлемдегі кистома анықталған.
Ота барысында алынған кистаның салмағы шамамен 5 келі, ал оның ішіндегі сұйықтық көлемі 10 литрге жуық болған.
Науқастың жасын, түзілістің көлемін және клиникалық жағдайдың күрделілігін ескере отырып, операцияға мультидисциплинарлық мамандар тобы жұмылдырылған. Хирургиялық араласуды АККА-ның гинеколог дәрігерлері мен хирургтары бірлесіп жүргізген.
Мамандар іштің төменгі бөлігіндегі ауырсыну немесе қалыптан тыс тығыздалу сияқты белгілерді елемеуге болмайтынын ескертті.
Қаз
Рус






