Денсаумин дәрігерлерді даярлаудың жаңа ережелерін енгізбек
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қазақстанда медициналық кадрларды даярлау жүйесі өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі резидентураны ересектер мен балаларға арналған бағыттарға бөлуді қарастырмақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, дәрігерлерді даярлау жүйесіне енгізілген өзгерістер балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатыр.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, резидентураны бөлуге басты себеп – ересектер мен балалардың анатомиясы, физиологиясы, аурудың клиникалық көріністері, сондай-ақ диагностикалау және емдеу әдістеріндегі айырмашылықтар.
Қаз
Рус






