Денсаумин дәрігерлерді даярлаудың жаңа ережелерін енгізбек

2 166

Фото:depositphotos.comҚазақстанда медициналық кадрларды даярлау жүйесі өзгереді: Денсаулық сақтау министрлігі резидентураны ересектер мен балаларға арналған бағыттарға бөлуді қарастырмақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Ведомство мәліметінше, дәрігерлерді даярлау жүйесіне енгізілген өзгерістер балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатыр.

"Енді резидентура бірқатар аса қажет мамандықтар бойынша ересектер мен балаларға арналған бағыттарға бөлінеді. Бұл шешім балалар мамандарының тапшылығын азайту қажеттілігімен байланысты. Жаңа өзгеріс балалардағы ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алуға заманауи білім мен клиникалық тәжірибеге сүйене отырып, неғұрлым кешенді әрі нақты тәсілді қамтамасыз етеді", – деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, резидентураны бөлуге басты себеп – ересектер мен балалардың анатомиясы, физиологиясы, аурудың клиникалық көріністері, сондай-ақ диагностикалау және емдеу әдістеріндегі айырмашылықтар.

"Жаңартылған даярлау жүйесі аясында резидент-дәрігерлер 27 жаңа балалар бағыты бойынша оқи алады. Олардың қатарында – балалар кардиологиясы, аллергология және иммунология, гастроэнтерология, балалардың жақ-бет хирургиясы, жасөспірімдер дерматовенерологиясы, балалардың пластикалық хирургиясы, андрология және урология және басқалар бар", – деп толықтырды ведомство.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.