Инфекциялық ауруханада кешкі асқа берілген ботқадан құрт шыққан
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Астанадағы инфекциялық ауруханада пациенттің кешкі асынан құрт шықты. Қосымша "ақуызбен" толықтырылған ботқаны жасөспірім қызға ұсынған. Алайда дәрігерлер бұл оқиғаға өздерінің қатысы жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қалалық инфекциялық ауруханада болған шок жағдайды пациенттің палатадағы көршісі видеоға түсіріп алған.
Гүлназ Надирханованың айтуынша, ботқадағы ақ құрт қайнап піскендіктен, ешқандай қимылсыз күйде табылған.
Қалалық инфекциялық орталықтың бөлім меңгерушісі Ақбота Әбішбаева да жағдайға аса мән бермеген.
Ал аурухана директоры Зекен Исақов бұған күмәнмен қарайды.
Аталған компанияның басшысы Ботагөз Әкімбекова да таңданысын жасырмады.
Аурухана басшылығы компанияға ресми шағым хат жолдаған. Алайда келісімшартты бұзбайтынын, мердігер мекеме осы жылдың соңына дейін жұмысын жалғастыра беретінін мәлімдеді.
Қаз
Рус






