Қазақстандық QazVac вакцинасының штамм құрамы өзгеретін болды

347

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстандық QazVac вакцинасының штамм құрамы өзгертіледі. Бұл туралы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закария мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үкіметтің тапсырмасы бойынша "дельта" штамы ел аумағына кірген кезде, жұмыс басталды. Клиникаға дейінгі зерттеулер толығымен жануарларға жүргізілді және вакцинадағы штамм құрамын ауыстыру жануарларда жоғары нәтиже көрсетті", - деді Күнсұлу Закария ОКҚ онлайн-брифингінде.

Оның айтуынша, қазір ақпарат Денсаулық сақтау министрлігіне жіберілген және "вакцинаның келесі партиясындағы штамм құрамын ауыстыру бойынша бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр".

"Денсаулық сақтау министрлігі бұл қиын жағдайды түсініп, бұрын-соңды болмаған қадамға барады - ДДСҰ-дан кеңес алмай, тұмауға қарсы вакциналар тәжірибесі бойынша, жақын күндері "дельта" штамын ауыстыруға ресми рұқсат беріледі. "Ухан" коронавирусын "дельта" штамына ауыстырамыз, ол өте жақсы нәтиже көрсетті", - деп қосты Закария.

Оның айтуынша, штамды алмастыратын барлық сынақ екі ай бұрын жануарларға жүргізілген. Қорытындылай келе, ғалымдар препаратты сынап көрген.

"Қорғаныстың бірінші бағыты - тәуекелге баратын ғалымдар. Тәуекел үмітті ақтады, жақсы вакцина алынды, ол жақын арада жеткізіліп, шығарылады", - деді Күнсұлу Закария.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.