Денсаулық сақтау саласындағы алаяқтыққа байланысты мәжіліс өтті
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Қасым-Жомарт Тоқаев Денсаулық сақтау саласында жеке-жеке жұмыс істейтін 30-дан астам ақпараттық жүйе бар екенін атап өтті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.
Президенттің айтуынша, бұл жүйелерді бір-біріне толыққанды байланыстыру бұған дейін қанша талап етілсе де, сол күйі жасалмаған.
Мемлекет басшысы Үкіметке 1-ші желтоқсанға дейін Бірыңғай мемлекеттік медициналық ақпараттық жүйе құру жұмысын аяқтауды тапсырған.
Бас прокуратура мен тиісті құқық қорғау мекемелеріне барлық жымқыру әрекеттеріне қатысы бар адамдарды заң тұрғысынан жауапқа тартуды міндеттеген.
Қаз
Рус






