Белгісіз тұнба ішкен ер адам көз жұмды
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Петропавлда белгісіз тұнбаны ішкен үшінші ер адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Дәрігерлер 75 жастағы зейнеткердің өмірі үшін бір аптадан астам уақыт күресті. Алайда қатты уланғандықтан құтқарып қала алмады.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстанда Жедел медициналық көмек көпбейінді қалалық ауруханасы ауруханасының мәліметінше, үш ер адам демалыс күндері улану белгілерімен түскен.
“Оларды алып келгендердің айтуынша, ер адамдар түскі уақытта қайдан алынғаны белгісіз тұнбаны ішкен. Үшеуінен де бірдей белгілер байқалған: тыныс алуы қиындап, айналасындағылармен байланыс орнату қабілеті бұзылған. Ал олардың бірінде бірнеше рет құсу болған. Өкінішке қарай, науқастардың екеуі қайтыс болды. Бірі ауруханаға түскен күні, екіншісі үшінші тәулікте көз жұмды. Үшінші ер адамның жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалуға тырысып жатыр”, – деді аурухана өкілдері.
Дәрігерлер өзге тұрғындарға осындай жағдайдан сақ болуға шақырды.
Қаз
Рус






