Дәрігерлердің жалақысы 760 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін

2 516

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Opennews.kz ЖИҚазақстанда келесі жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының учаскелік қызмет мамандарына үздіксіз еңбек өтілі үшін қосымша ақы төлеу жоспарланып отыр. Жаңа шара 77 мыңнан астам қызметкерді қамтымақ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды  Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Қосымша ақы кімге және қандай мөлшерде беріледі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында Үкіметке учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырған.

«Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын көбейтуге мүмкіндік береді», – деді Мемлекет басшысы.

Министрлік ұсынған тетік бойынша қосымша ақы лауазымдық жалақыға есептеледі. Оның мөлшерін үздіксіз еңбек өтіліне қарай былай белгілеу ұсынылып отыр:

2 жылдан астам еңбек өтілі бар мамандарға – 20%;

3 жылдан астам еңбек өтілі бар мамандарға – 30%;

5 жылдан астам еңбек өтілі бар мамандарға – 50%.

Бұл жерде жалақыны жалпы арттыру көрсеткіші мен лауазымдық жалақыға есептелетін қосымша ақының үлесі бөлек көрсетілген. Ұсынылған 50 пайыздық үстемақы қызметкердің жалпы табысы дәл сонша өседі дегенді білдірмейді.

Алғашқы медициналық көмек ұйымдарындағы психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерге де қолдау көрсету көзделген. Оларға психоэмоциялық жүктемесі үшін қосымша ақы енгізу мәселесі қарастырылып жатыр.

Жалақы қанша теңгеге өсуі мүмкін

Медицина қызметкерлерінің жалақысы қалай өзгеруі мүмкін?

Еңбек өтілі ең жоғары санаттағы учаскелік қызмет мамандары

Ауыл - Жалпы практика дәрігері

Қазір 534 мың теңге, болжамды жалақы 760 мыңға дейін Ауыл - Орта медицина персоналы

Қазір 284 мың теңге, болжамды жалақы 401 мыңға дейін Қала - Жалпы практика дәрігері

Қазір 425 мың теңге, болжамды жалақы 607 мыңға дейін Қала - Орта медицина персоналы

Қазір 224 мың теңге, болжамды жалақы 318 мыңға дейін Өлшем бірлігі: мың теңге / ай

Ескерту: көрсеткіштер — қосымша ақы енгізілгеннен кейінгі болжам.

Дереккөз: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған мәліметтер

Министрлік келтірген есепке сәйкес, еңбек өтілі ең жоғары санаттағы ауыл дәрігерлерінің жалақысы қосымша төлемді ескергенде 760 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін. Қалалардағы осы санатқа жататын дәрігерлердің жалақысы 607 мың теңгеге дейін өсуі ықтимал.


Еңбек өтілі аз мамандардың да еңбекақысын көтеру көзделген. Ауылдағы жалпы практика дәрігерлерінің жалақысы 386 мыңнан 450 мың теңгеге дейін, орта медицина персоналының жалақысы 221 мыңнан 256 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін. Қалаларда бұл көрсеткіш дәрігерлер үшін 307 мыңнан 358 мың теңгеге дейін, орта медицина персоналы үшін 173 мыңнан 202 мың теңгеге дейін артпақ.

Ведомствоның мәліметінше, жаңа төлемнің негізгі мақсаты – мамандардың учаскелік қызметте тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасау. Әсіресе ауылдарда тәжірибелі дәрігерлер мен мейіргерлерді сақтап қалу медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді деп күтіліп отыр.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.