Дүние жүзінде туберкулезден көз жұмғандар саны артып отыр

351

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

COVID-19 пандемиясы туберкулезге қарсы күресте жеткен жетістіктерге теріс әсер етті: соңғы он жылда әлемде алғаш рет осы аурудан көз жұмғандар саны өсті- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасында айтылғандай, 2020 жылы ауруға шалдыққандар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда аз, ем қабылдайтындар саны да қысқарған, бірақ қайтыс болғандар саны  көп. Бұл жағдай пандемияға және онымен байланысты шектеулерге байланысты түсіндіріледі – адамдарда тексерілетін және медициналық көмек алатын мүмкіндік болмады.

«Баяндама біздің күдігімізді растап отыр: денсаулық сақтау саласында қызметтер көрсетудегі бөгеліс туберкулезге қарсы күрескен жылдарда жеткен жетістігімізге нұқсан келтіруде. Бұл бізді шұғыл әрекет етуге, инвестициялауға және инновациялық тәсілдерді енгізуге итермелейтін өте алаңдатарлық жаңалық. Адамдарды диагностикалауда, емдеуде және оңалтудағы кемшіліктерді тек осылай жеңуге болады», деді дәрігер Тедрос Гебрейесус.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.