Алматыда коронавирус жұқтыру 14 жасқа дейінгі балалар арасында көбеюде

307

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Жыл басынан бері Алматыда 14 жасқа дейінгі 3 мыңнан астам бала коронавирус жұқтырған-  деп хабарлайды Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың 9 айында 14 жасқа дейінгі 3438 баладан коронавирус анықталған. 2020 жылдың осы кезеңінде Алматыда 363 бала ауырған. Мегаполисте балалар арасында коронавирус инфекциясы өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай артқан.


Алматыда 1 қыркүйектен бері 2960 мектеп оқушысы коронавирус жұқтырғаны туралы жазған болатынбыз. 

Қалалық әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, коронавирус індеті 263 мектепте тіркелді.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.