Сотталғандар арасында ревакцинациялау жұмыстары басталды

364

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.


Коронавирусқа қарсы ревакцинация жұмыстары басталды. Екпенің үшінші құрамдас бөлігін ЗК-169/4 мекемесіндегі сотталған азаматтар да өз еріктерімен салдырып жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Алдымен дәрігер сотталғандарға қайта вакциналау туралы түсіндіріп, ревакцинациялаудан кейін ағзада тұрақты иммунитет қалыптасатындығын айтты. Қайта егу ағзаны жаңа әрі қауіптірек штамдарды жұқтырудан қосымша қорғанысты қалыптастыруға көмектеседі. Екпе алған сотталғандар, өздерін жақсы сезініп, денсаулығына шағымдар түсіріп жатқан жоқ.
 
«Қайта вакцинаны алуға әрине өзім шешім қабылдадым. Себебі, бәрімізге мәлім әлемнің бәрі осы індетке қарсы қабылдап жатыр. Денсаулығымды нығайту үшін екпені қабылдауға өз еркіммен келдім. Вакцина салдыру арқылы өзіңді де, өзгелерді де қорғайсың. Ешқандай жанама әсерлер бойымда байқалған жоқ.»,-дейді сотталған азамат. 

Дана Достанова 
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
 
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.