Коронавирус наурыз айында қайта өршуі мүмкін

368

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Ауру жұқтырған адамдардың азайғанына қарамастан, наурыз айында коронавирус індеті қайта өршуі мүмкін.

Бұл туралы Нұр-Сұлтанның санитар дәрігері Сархат Бейсенова брифинг кезінде мәлімдеді. 

Ол елордалықтарды мерекелік күндері қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды. 

"Әр мереке сайын астанадағы эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлайтынын тәжірибе көрсетті. Оған себеп әлеуметтік байланыс артып, халық карантиндік шараларға немқұрайлы қарайды. Мерекелік күндер қарсаңында баршаңызды қарапайым қауіпсіздік ережелерін ұмытпауға шақырамын. Наурыз айындағы мерекелер коронавирустық инфекцияны жұқтырған адамдардың көбеюіне және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелмеуі тиіс", - деді Бейсенова. 

Санитар дәрігер Нұр-Сұлтанда короновирус жұқтырғандар санының арту-артпауы тұрғындардың өзіне байланысты екенін ескертті. 

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.