Елімізде 122 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда

583

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қазақстанда 157 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Ведомствоаралық комиссия таратқан деректерге қарағанда, 35 пациент стационарда, 122 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.


 «Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 7 адамның жағдайы ауыр, 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Бүгін 7 азамат қауіпті індеттен жазылып шығып, қатарға қосылды. Оның 5-еуі Нұр-Сұлтан қаласында, 2-еуі Алматы қаласында тұрады. Бүгінде елімізде барлығы 1 292 089 адам COVID-19-дан емделіп шықты», - деп жазды ведомство.
 
12 маусымда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 514 841 адам, екінші компонентін 9 292 996 адам салдырған. Pfizer екпесінің алғашқы дозасын 1 207 136 адам, екінші дозасын 1 088 855 тұрғын қабылдады.
OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.