Ажар Ғиният Маңғыстауда бас көтерген фельдшерлерге жауап берді
Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Маңғыстау облысында орын алған фельдшерлердің наразылығына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі
«Былтырдан бері медицина қызметкерлерінің жалақысын өсіру іске асырылды. Бізде дәрігерлердің орташа жалақысы 350 мың теңге болса, орта медицина қызметкерлеріне 230 мың теңге төленеді. Ал жүргізушілер 100 мың теңге алып жатыр. Біз олардың жалақысын біртіндеп көтереміз», - деді Ажар Ғиният.
Оның айтуынша, қазіргі кезде жедел жәрдем қызметкерлерінің жалақысын 350 мың теңгеге дейін жеткізу мүмкін болмай тұр.
Қаз
Рус






