Үкімет басшысы Қатар экономикалық форумына қатысуда

1 399

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Доха қаласындағы Қатар экономикалық форумына қатысып жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Биылғы іс-шара жаһандық экономикалық өсудің жаңа мүмкіндіктеріне арналды. Атап айтқанда, дамушы нарықтарға инвестиция салу, жаңа энергетикаға көшу, сауда мен жұмысқа жасанды интеллектіні, блокчейн және басқа да технологияларды енгізу сияқты мәселелерді талқылау жоспарланып отыр.


Форумға шет мемлекеттер мен үкіметтердің, әлемдік ірі корпорациялардың басшылары, жаһандық инвесторлар, сондай-ақ тікелей инвестициялар саласындағы жетекші сарапшылар мен танымал журналистер қатысып жатыр.


Іс-шара аясында Әлихан Смайылов Қатар Әмірі шейх Тәмим бин Хамад Әл Тәнимен және Премьер-Министр – сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бин Абдурахман Әл Тәнимен кездесулер өткізеді деп күтіледі. Сонымен қатар ірі компаниялар мен қаржы ұйымдарының басшыларымен келіссөздер жоспарланған.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.