Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

2 538

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметіБүгін елордада Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Күн тәртібіне сәйкес, Парламент «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заң жобасын талқылайды. 


Палата отырысына депутаттық корпустан бөлек, ҚР Жоғары Сот Кенесінің төрағасы Денис Шипп, ҚР Жоғарғы Сотының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов, ҚР Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина, ҚР Жоғарғы Сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Тукиев, ҚР Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров, ҚР Әділет вице-министрі Лаура Мерсалимова қатысып жатыр. 


Бұдан бұрын хабарланғандай, 12 маусымда Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. 


«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 14 маусым сағат 09.30-да Астана қаласында шақырылсын» деп жазылған өкім мәтінінде.


OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.